Басқарманың осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының үәкілетті органның бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді және ұсынымдық сипатта болады.
1) қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу.
1) заңдылық;
2) транспаренттілік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау.
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді даярлау және қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
4) тиісті тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар.