Кездесудің басты мақсаты жұмыс берушілермен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде жұмыскерлермен рәсімделген электронды форматта қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығына сәйкес, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі - Бұйрық) бұйрық күшіне енді.
Жоғарыда аталған бұйрыққа және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23 бабы 2 тармағы 27 тармақшасына сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тиісті ақпараттарды енгізу бойынша жұмыс басталғаннан (01.01.2018 жыл) бүгінгі күнге дейін, облыс аумағында ЕШЕАБЖ-не 16321 жұмыс беруші және 280 233 қызметкердің еңбек шарттары тіркелген.
Бұл, нәтиже өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға жоғарылаған.
Жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің еңбек шарттарын ЕШЕАБЖ-не уақтылы және сапалы түрде енгізу мақсатында облыс әкімі аппараты басшысымен мүдделі мемлекеттік мекемелердің облыстың аудандары мен қалаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі жоспардың кестесі бекітілді.
ЕШЕАБЖ-нің негізгі алғышарттары:
- қағаз құжаттарды жинау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін оңайлату;
- шарттың, қорларға жарналар мен аударымдардың болуын көрсету, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттемелерін бекіту арқасында әлеуметтік тәуекелдерден қорғау және т.б.
Бейресми еңбек қатынастарын болдырмау, анықтау, жасырын нысандағы еңбек қатынастарын қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы құқықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында облыстық Еңбек инспекциясы басқармасымен аудан аумағында тұрақты мониторинг жүргізілетінін хабарлаймыз!
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабының талаптарына сәйкес, жұмыс беруші:
- Жұмыскерді жұмысқа қабылдар алдында қызметкермен еңбек шартын рәсімдеуге және оның бір данасын қызметкерге беруге;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптардың қатаң түрде қадағалап, қамтамасыз ету (жауапты тұлғаларды арнайы оқытудан өткізу, тиісті нұсқама, нұсқауларды өткізу);
- Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды уақытылы еңбек инспекциясына хабарлауға (ҚР ЕК 187 б., 2 т., 1 т., талаптары);
- Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
- Электрондық еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге;
- Еңбек шартында көрсетілген жалақыны, сондай-ақ өзге де төлемдерді уақытылы және толық көлемде төлеуге міндетті (еңбекақы төлеу жүйесі, св.ур., ночные, пр.вх., простой, 113 бап және т.б.).
Жоғарыда аталған талаптарды орындамаған жұмыс берушіге 30 АЕК-тен бастап, (110 760 теңге) 1000 АЕК-ке (3 692 000 теңгеге) дейінгі көлемде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.