Еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру шеңберінде" Даму " АҚ қызметкерлерімен кездесу

Еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру шеңберінде" Даму " АҚ қызметкерлерімен кездесу

Өткізілген күні: 11.06. 2024ж.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізген тұлға: Төраға: облыс бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы Жетісу-Әбішев Шыңғыс Жанайдарұлы жүргізді

Нұсқаулықты өткізуге қатысушылар: барлық штаттық қызметкерлер, Жетісу облысы бойынша өңірлік филиалының қызметкерлері

Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша дәріс – практикалық сабақ өткізу барысында мынадай мәселелер қаралды:
1. Еңбек заңнамасы. Еңбек шарты, жасасу және бұзу тәртібі.
2. Өтемақы төлемдері.
3. Жұмыс уақыты туралы түсінік және түрлері. Жұмыс уақытын есепке алу. Жұмыс уақыты режимі.
4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілін есептеу. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері қайтарып алу. Әлеуметтік демалыс.
5. Еңбек тәртібін нығайту түсінігі мен әдістері. Еңбек тәртібін құқықтық қамтамасыз ету.