Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметтің маңызды қағидаты

Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметтің маңызды қағидаты

2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 мамырында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Дәулетұлы Еркін Департаментке жаңадан қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметшілер – Асқар Айжан Талғатқызы мен Тұрсыбаева Балым Мұратбекқызына қызметтік әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және мемлекеттік қызметшінің кәсіби мінез-құлық қағидаттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін сапалы орындау, азаматтарға тиімді әрі сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіге тән әдептілік нормаларын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, Департаменттің ішкі еңбек тәртібі мен ұжымдық мәдениетіне қатысты мәселелер талқыланды.

Азаматтардың мемлекеттік қызметті таңдауы олардың қабілеттері мен дағдыларына ғана емес, сондай-ақ адами қасиеттері мен мінез-құлқына да байланысты екендігі атап өтілді.

Сіздерге Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселеге бейжай қарамайтынымды жеткізгім келеді.

Егер Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), қызметтік әдеп талаптарының сақталуына қатысты шағымдарыңыз, ұсыныстарыңыз немесе хабарламаларыңыз болса, өз пікірлеріңізді тікелей маған жолдай аласыздар. Ашықтық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әрбір өтініш мұқият қаралады.

Әдеп жөніндегі уәкіл, бөлім басшысы – Дәулетұлы Еркін

Байланыс телефоны: 8 (7282) 32-94-41

Мекенжайы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 311-кабинет.