2026 жылдан бастап «Жастар практикасы» аясында сұранысқа ие мамандықтар

2026 жылдан бастап «Жастар практикасы» аясында сұранысқа ие мамандықтар

2026 жылы «Жастар практикасы» жобасы аясында 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі жұмыссыз білім беру ұйымдарының түлектерін қолдауға бағытталған және алынған мамандық (біліктілік) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу үшін Мансап орталығына өтініш беру қажет. Практикадан өту кезеңінде әрбір қатысушыға жұмыс беруші тарапынан тәлімгер бекітіледі, ол кәсіби білім мен практикалық дағдыларды үйретеді.

«Жастар практикасын» қаржыландыруды Еңбек мобильдігі орталығы жүзеге асырады. Жалақы төлемі жұмыс берушілер ұсынатын мәліметтер негізінде ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі. Қаражат екінші деңгейлі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына аударылады.

2026 жылдың ақпан–наурыз айларының қорытындысы бойынша жоба аясында 423 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарлама қатысушылары ең көп жұмысқа орналасқан сұранысқа ие мамандықтар қатарында мыналар бар: медбике/медбике ағасы (124 адам), заңгер (66 адам), шет тілі мұғалімі (57 адам), тәрбиеші (47 адам) және бастауыш сынып мұғалімі (43 адам).

Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 129,7 мың теңгені құрады.