Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметті дамыту бағыттары мен алдағы басым міндеттерін талқылауға арналған кездесу өткізді.

🔷 Кездесуде Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айқындаған бағыттары аясында мемлекеттік сектордағы ұйымдастырушылық мәдениетті жаңғырту мәселелері талқыланды. Бұл өзгерістер мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға бағытталған.

🔷 Азаматқа бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру, басқару жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру негізгі басымдықтар ретінде атап өтілді. «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» қағидаттарының маңыздылығы ерекше аталды.

🔷 Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құмар ойынға тәуелділік мәселесі, мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ ұйым қызметінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.