«Еңбек қатынастарын реттейтін келісімшарттар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

«Еңбек қатынастарын реттейтін келісімшарттар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментімен бірлесіп Алакөл ауданында орманшылар, ветеринария салалары мен мемлекеттік мекемелердегі кадр мамандары, техникалық инспекторлар және заңгерлермен «Еңбек қатынастарын реттейтін келісімшарттар» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Еңбек қауіпсіздігі, еңбектегі жарақаттар, ұжымдық келісімшарттар, еңбекке байланысты нормативті құқықтық-құжаттар бойынша сұрақ-жауаптар болды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы «Еңбек» кодексіндегі өзгешіліктер, еңбектегі адамдарға берілген басымдықтар туралы түсіндірді.