ӘР ДАУЫС – МАҢЫЗДЫ

ӘР ДАУЫС – МАҢЫЗДЫ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Молдахметов Батыр Қайыркенұлы мен ұжым қызметкерлері және отбасы мүшелері жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық Референдумда дауыс берді.

Департамент басшысы дауыс беру учаскесіне келіп, барша қазақстандықтарды елдің дамуы мен келешегі үшін бейжай қалмай, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

Департамент ұжымы қызметкерлері мен отбасы мүшелері, жалпы 33 дауыс беруші, белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті сайлау учаскелерінде белсенділік танытып, алғашқылардың қатарында таңғы сағат 7:00-ден бастап, 08:00-ге дейін толық дауыс беріп, өз азаматтық таңдауларын жасады!