
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның төрағалығымен және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратұлы Ертаевтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. ✅ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев атқарушылық тәртіп және аумақтық департаменттердің жұмысы мәселелері бойынша аппараттық кеңес өткізді. Күн тәртібіндегі негізгі тақырып – 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердегі еңбек инспекциялары қызметінің тиімділік бойынша рейтингінің таныстырылымы болды.
📍Ұсынылған деректерге сәйкес, департаменттердің қызметі тиімділік шкаласы бойынша бағаланды. Жоғары тиімді санатқа Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарының департаменттері кірді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы жүргізілген талдау өңірлер жұмысындағы бірізділік пен бірыңғай әдістемелік тәсілдердің жоқтығын анықтағанын баса айтты.
«Алдағы кезеңдегі біздің міндетіміз – өңірлер арасындағы жұмыс жасаудағы алшақтықты қысқарту, теңгерімсіздіктерді жою және бақылаудың бірыңғай вертикалін құру.