Ескелді ауданының білім беру ұйымдары үшін құқықтық түсіндіру бойынша көшпелі семинар өтті.

Ескелді ауданының білім беру ұйымдары үшін құқықтық түсіндіру бойынша көшпелі семинар өтті.

Ағымдағы жылдың  маусым айында Ескелді ауданының білім беру ұйымдары үшін құқықтық түсіндіру бойынша көшпелі семинар өтті.

Іс-шараны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен «Жетісу» жергілікті кәсіподақ ұйымы бірлесе ұйымдастырды.

Семинар барысында еңбек қатынастары, еңбек заңнамасының талаптары және қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Қатысушылар еңбек шарттары, қызметкер құқықтары, жұмыс беруші міндеттері бойынша нақты ақпарат алды.