«Қазақ елі – татулық мекені»

«Қазақ елі – татулық мекені»

Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл мерекелік шара ел бірлігі мен ынтымағын дәріптеуге арналды.

Шара барысында түрлі ұлт өкілдерінің өнерлері көрсетіліп, ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды. Ән шырқалып, би биленіп, бірліктің, достықтың жарқын үлгісі паш етілді.

Мерекелік жиын – әр ұлттың мәдениетін танып, ортақ шаңырағымыздың бекемдігін сезінуге мүмкіндік берді. Оқушылар әрдайым осы мерекені қызығушылықпен қарсы алады.

Қазақ елі – бірлік пен татулықтың символы!