Тұрғын үйлерді өрттен сақтандырудың маңызы өте зор. Өкінішке орай көпшілік жағдайда өрт тұрғындардың өрттен сақтандыру ережелерін сақтамауынан болады.
От тұтату үшін тез тұтанатын жанар-жағар майларды пайдаланудың да бірде болмаса бірде үлкен қайғыға ұшыратуы мүмкін екенің есте ұстау керек. Отынды, басқа да жанғыш заттарды пештің алдына тастауға және пештерді тағайындалмаған отынның түрлерімен жағуға болмайды. Пештерден шығарылған күл, шлактар сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгілуі керек. Үлкен адамдар да кей кезде оттаң сақтандыру ережелерін сақтамауынан, немесе балаларға жанып жатқан пешті қаратуға қалдырғаннан өрт шығады.
Балаларға отты тек қана үлкендердің қатысуымен және рұқсатымен ғана жағуға болады. Ешқашанда жанып жатқан пешті, газ ошағын немесе токқа қосылған электр плиткаларды қалдырып кетуге болмайды. Кетер алдында міндетті түрде отты, электр плиткаларды өшіріп, дұрыс болады.
Қорада, төбеге шыққанда, гаражда жарықтату үшін ашық отты пайдалануға тыйым салынады, ол үшін электр жарықтатқыштарды пайдалану керек.
Сондықтан да әркім өз ісіне ұқыптылықпен қарап, ертеңгі күнінің жағымсыз жағдайын алдын ала ойлап, болжап, уақытылы алдын алып, болдырмай отырса, барлығы да дұрыс болар еді.
Ол үшін өздеріңіз оттан сақ болып, балаларға сіріңке ойыншық емес екендігін және де ойыннан өрт шыққан жағдайда олардың салдарының қаншалықты ауыр болатындығын жеткізу қажет.
Көксу ауданы ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі М.Турумов