Пайдаланушылар eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында Ф-2 (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілде болу, тиым салу) жоқтығы туралы анықтамасын ала алады

Пайдаланушылар eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында Ф-2 (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілде болу, тиым салу) жоқтығы туралы анықтамасын ала алады

Анықтаманы eGov.kz порталында алу үшін:
- авторизациядан өтіңіз;
- «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» бөлімін таңдаңыз;
- «Ф-2 анықтамасы» қызметіне өтінім беріңіз;
- «Қызметті алу» бөлімінде анықтаманы кімге алып жатқаныңызды көрсетіңіз;
- қажетті жолдарды толтырыңыз;
- өтінімге қол қойыңыз;
- қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысыңыз.

📲Қызмет сондай-ақ eGov Mobile мобильді қосымшасында «Қызметтер» - «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде қолжетімді.