"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету       ережесі

     "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленеді және ағаштарды кесуге рұқсат беру тәртібін айқындайды. "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес ірі қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетеді.

     Аталған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

        Көрсетілетін қызметті алушы, қызметті алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен бірге өтінішті жібереді.

       Қызмет  www.elicense.kz (Е-лицензия) деп аталатын электронды порталы  арқылы жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында айқындалған. Оларды атап айтсақ :

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар қамтамасыз етілген кезде:

2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету кезінде:

3) жұмыс істеп тұрған объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру кезінде, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі кезінде:

4) ағаштар мен бұталар ортақ пайдаланылатын жерлерде өскен кезде:

 

 

Жоғарыда аталған себептер анықтала келе, өтініш беруге қажетті құжаттар:

* өтініш;

* объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл желектерді түгендеу қолда бар ағаштарды, тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып;

* өтемдік ағаш отырғызу жоспары;

* көшеттерді отырғызуды аяқтау күнін көрсете отырып, өтемдік отырғызу бойынша кепілдік хат.

* Жеке басты куәландыратын; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжат;

 

Өтініш орындалған жағдайда қызмет алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

       Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады және бөлім 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттармен бірге өтінішті қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

        Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты бөлім  осы қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде бөлім басшының электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

 

 Мемлекеттік қызмет көрсету бас тартылады:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;

2) көрсетілетін қызметті алушының (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) Өтініш иесіне қатысты, белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

4) Өтініш иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

         Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде 6 (алты) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді, жасыл екпелер тізіліміне сәйкес ағаштардың сандық, тұқымдық құрамын, жай-күйін және орналасқан жерін дәл айқындау үшін жергілікті жерді айқындайды;