Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен отандық тұқымды, сол сияқты интенсивті технологияны қолданудың тәжірибе алаңы ретінде көксулық шаруа қожалығының алқабына 28 гектарға 4 түрлі дақыл егілді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен отандық тұқымды, сол сияқты интенсивті технологияны қолданудың тәжірибе алаңы ретінде көксулық шаруа қожалығының алқабына 28 гектарға 4 түрлі дақыл егілді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен отандық тұқымды, сол сияқты интенсивті технологияны қолданудың тәжірибе алаңы ретінде көксулық шаруа қожалығының алқабына 28 гектарға 4 түрлі дақыл егілді.

Осы күні «Кең Дала» шаруа қожалығының базасына Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, егіншілікте қолданылатын биологиялық, химиялық қоспаларды және ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын компаниялар мен олардың дистрибьюторлық ұйымдарының өкілдері, жақын аудандарда тұратын шаруа қожалықтарының жетекшілері жиналды.

Алқапқа әрқайсысы 7 гектардан 4 түрлі дақыл - қант қызылшасының, сояның, жүгері мен арпанның тұқымы егілді. Бұл ретте қант қызылшасының тұқымы отандық, яғни ғылыми-зерттеу институтының түрлі сорттарды будандастыру арқылы жасап шығарған тұқымның жаңа буыны.

Институттың ғылыми қызметкері Нұрсұлтан Мұсаходжаевтың айтуынша, тұқым елімізде жасалғандықтан, Қазақстанның климаттық ерекшелігіне, топырақ құнарының деңгейіне бірден бейімделе алады.

- Тоқсан жылдық тарихы бар біздің институт соңғы бес жылда қызылша тұқымымен айналыса бастады. Шетелдік тұқым селекциясының бір күрделілігі - қызылшаның аталығы мен аналығын лайықты сәйкестендіру, сол арқылы ары қарай көбейту біршама қиындық туғызады. Бұл ретте біз аталығын Украинадан, аналығын Америкадан, мұнан соң Франциядан, осылай әр түрін әкеліп, стреске төзімді жетінші-сегізінші буынын шығардық. Кейін бұл төзімді тұқымды қазақстандық аналық тұқыммен будандастырдық. Біз жасаған тұқым зиянкестерге, ауруларға қарсы препараттармен өңделген. Қазір елімізде қант қызылшасы тұқымының 95% шетелдік, отандық тұқым небары 5 % қолданылады. Біз өзіміздің отандық тұқымдарды неғұрлым сапалы жасап шығарсақ, соғұрлым шаруаларға да, елдің экономикасына да пайдалы, - дейді Н.Мұсаходжаев.

Сол сияқты соя, арпа, жүгерінің әрқайсысы 7 гектардан егіліп, оларға күтіп-баптау барысында «Август» ЖШС-ның арамшөптермен күресетін гирбицидтері, ауруларға қарсы қолданылатын фунгицидтері, сол сияқты зиянкестермен күресетін инсектицидтері қолданылып, олардың тиімділігі тексерілмек.