Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күні

2024 жылдың ақпан айында «Дүниежүзілік сайлау күні» аталып өтіледі. Бұл күнді атап өту дәстүрі 2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының (ЕЕСҰҚ) бастамасымен басталды және оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады. Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі, өйткені Халықаралық сайлау туралы келісімдерге ақпан айының басында қол қойылды. Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, ұйымдастырушылар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуға тырысты. Бұл күннің басты мақсаттары— қоғам санасында демократияландыру үдерісінің қайтымсыздығын растау, халықты сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету, жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұмтылысты қалыптастыру. Соған орай біздің ауданда, 30 қаңтар күні, Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округіне қарасты, Көксу политехникалық колледж студенттерімен, аудандық аумақтық сайлау комиссия төрайымы Ж.Қ.Байұзақованың қатысуымен    "Мен және менің таңдауым" атты тақырыпта дөнгелек үстел өтті.  Кездесу барысында Жанар Қанатқызы колледж жастарына сайлау туралы дәріс оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында колледж студенттері сұрақ-жауап алысты. Жанар Қанатқызы колледж білім алушыларына алдағы елімізде болатын барлық деңгейдегі  сайлауларға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп шараны қорытындылады.

Ағымдағы жылдың 1  ақпан күні, Көксу ауданы Балпық би ауылы, Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде Жетісу облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары  Сәбитов Ержан Мұратұлының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Қ.Байұзақованың қатысуымен, мектеп әкімшілігі және 9-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері «Дүниежүзілік сайлау күні» тақырыбында іс-шарасы өтті. Іс- шара барысында Жанар Қанатқызы сөз сөйлеп: - тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыра отырып еліміздің болашағы үшін маңызды іс- шара - сайлауға ел азаматтарының бір кісідей қатысуына үндеу тастады.

Жетісу облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары  Сәбитов Ержан Мұратұлы, мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы, комиссияның қызметі туралы, сайлаудың маңыздылығы туралы, сайлауға қатысуға ынта мен уақыт табуға, сондай-ақ өз елінің болашағын құру жауапкершілігін сезіну керектігі, әрбір дауыстың маңыздығы туралы айтты.

Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта  мектебінің тарих пәнінің мұғалімдері Жетпісбаева Гүлжан Ержанқызы мен Байсов Қанат Төлепбаевич сөз сөйлеп өз сөздерінде - Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы сайлау округінің аумағында өткізіледі.
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы – Республика азаматтарының 18 жасқа толған кезде сайлауға қатысу құқығы. Қазақстан Республикасындағы сайлау азаматтың өзiнiң мемлекеттiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда сайлау құқығының қағидалары бекітілген.

Мектеп директоры Кан Инна Тереньтевна -  Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар екендігін атап көрсетті.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын көздейді деп жиналысты қортындылады.