Көксу ауданында Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті

Көксу ауданында Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай дәстүрлі автошеру ұйымдастырылып, жанды дауыста Әнұран шырқалды. Автошеру әкімдіктің алаңынан басталып, Қонаев, Исабаев көшелерімен “Алматы-Өскемен” тасжолындағы “Ту тұғырына” келді. Іс-шараны "Көксу жастары" жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Автошеруге 20-ға жуық жеңіл автокөлік және 10-ға жуық велоспортшы қатысты.