Жетісулық оқушылардың табысы

Жетісулық оқушылардың табысы

Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде еліміздің әр өңірінен 70-ке жуық оқушы Ақордада танымдық экскурсияда болып қайтты. Сол оқушылардың 3-еуі - Жетісу облысының оқуда, спортта, өнерде жетістікке жеткен балалары.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда,  Ақордаға экскурсияға химиядан өткен республикалық жалпы білім беру олимпиадасында ІІ орын алған Талдықорғандағы дарынды балаларға арналған №24 арнайы лицейдің 10 сынып оқушысы Дастан Дүзелбай, 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан өткен ҚР чемпионатында қыздар арасында 72 кг салмақта чемпион атанған Көксу ауданы Мұқаншы ауылындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Натей Назар және "Қазақстан таланттары" халықаралық өнер байқауының І орын жүлдегері, Балпық би ауылындағы Өнер мектебінің 5 сынып оқушысы Арыс Тұрсынұлы барды. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.