Аудан әкімі ауыл мектебіндегі “Соңғы қоңырау” шарасына қатысты

Аудан әкімі ауыл мектебіндегі “Соңғы қоңырау” шарасына қатысты

Бүгін аудан әкімі Марлен Көлбаев Мұқаншы ауылдық округіндегі Мұқаншы орта мектебінде болып, соңғы қоңырау шарасына қатысты.
Марлен Қапашұлы педагогикалық ұжымды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге жылы лебізін білдірді.
Айта кетейік, аудан бойынша 7735 оқушы оқу жылын аяқтап, орта мектепті   452 оқушы, негізгі мектепті 660 оқушы бітіріп отыр. «Алтын белгі» белгісіне 22 түлек, «Үздік аттестатқа» 44 түлек үміткер.