Алакөлдік балықшылар әулеті сайлауда таңдау жасады

Алакөлдік балықшылар әулеті сайлауда таңдау жасады

Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтартар - балықшылар әулеті. Отағасы Мұхамедияр мен отанасы  Қайынжамал Ариновтар бастап, балалары мен немерелері түгелдей балық шаруашылығымен айналысады. Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, азаматтық ұстанымдарын білдірді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытқан. Осы жолы да сол үрдістерін үлгі етті.

Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдіре отырып: «Дауыс беру - әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс бердік. Біз үшін сайлау – тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік», - дейді Ариновтар әулетінің мүшелері.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.