Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас және Лабасы ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу

Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас және Лабасы ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас және Лабасы ауылдық округтері әкімдерінің 2022 жылғы "18" желтоқсанда өткен сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде

Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:

  1. 1982 жылы туған, Көксу ауданы Балпық ауылдық округі Балпық ауылында тұратын, уақытша жұмыссыз Исағұлов Сәбит Өмірзақұлын Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді.
  2. 1982 жылы туған, Көксу ауданы Лабасы ауылдық округі Мәмбет ауылында тұратын, Лабасы ауылдық округінің әкімі Тұрғанбаев Ерік Түстікбайұлын Жетісу облысы Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді.

 

 

Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы