Қымбатты Жетісулықтар!

Қымбатты Жетісулықтар!

Бүгін, яғни, 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды.

Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.

Талдықорғанда шет елдік көлігін алғашқы болып заңдастырған Дина Қалдыбек. Өзінің пікірін білдірген екен. Жаңалықтарымызды оқи отырыңыздар. Күндеріңізге сәттілік.

Талдықорғанда шет елдік көлігін заңдастырған тұрғын 2 млн теңге қаражатының үнемделгенін жеткізді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда шетелдік көлігін бірінші болып заңдастырған Дина Қалдыбек легализацияның нәтижесінде қаржысының үнемделгенін жеткізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Талдықорған қаласының тұрғыны, 35 жастағы Дина Қалдыбек 2022 жылы Грузиядан әкелінген көлігін тіркеді.

«Көлік Америякадан Грузияға жеткізілді. Грузиядан Қазақстанға алып келгенде алғашқы кеденге және салығына шамамен 1 млн 850 мың теңге төледік. Ал біз Грузиядан алған көлік
Lexus nx 200t маркалы, 2016 жылғы. Грузиядан 24 мың долларға алдық. Егер легализацияны енгізбегенде біз бұл көілкті заңдастыру үшін 2,3 млн теңгеге жуық ақша жұмсайтын едік. Ал легализацияның нәтижесінде мен 200 мың теңге ғана төледім. Талдықорғандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлігімді екі сағаттың ішінде заңдастырып алдым. Президенттің берген осындай мүмкіндігі біз үшін үлкен көмек болды. Бүгінгі күн мен үшін мереке сынды», – деді Талдықорған қаласының тұрғыны Дина Қалдыбек.