Көксу ауданы бойынша Алғабас және Лабасы ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеуі.

Көксу ауданы бойынша  Алғабас және Лабасы ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеуі.

Көксу ауданы бойынша  Алғабас және Лабасы ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу туралы

2022 жылы 2 желтоқсанда сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну мерзiмi аяқталды. Алғабас ауылдық округіне 5 кандидат ұсынылды, оның 5-і өзін-өзі ұсыну арқылы, Лабасы ауылдық округіне 4 кандидат, олардың 1-і «Amanat» партиясынан, 3-і өзін-өзі ұсыну арқылы.

Өзін-өзі ұсынған 3-кандидат, олардың ішінде: кандидат Абилакимов А.Н., Дюсенбеков Ж.Н., Касиев А.М. - мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеуі (АГДС) бойынша алынып тасталды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріліп және олар тіркелді:

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсандағы жағдай бойынша Алғабас ауылдық округіне 3 үміткер, Лабасы ауылдық округіне 3 үміткер тіркелді.

Алғабас ауылдық округі бойынша өзін-өзі ұсыну арқылы 3 кандидат тіркелді – Исағұлов Сәбит Өмірзақұлы, Батыршаев Ержан Нүсіпжанұлы, Ахметов Айбек Әбікенұлы.

Лабасы ауылдық округі бойынша 1 кандидат «Amanat» партиясынан – Тұрғанбаев Ерік Түстікбайұлы, 2 кандидат – Мырзабекова Нурания Фидахметқызы, Жексенбинов Айдар Нұрдәулетұлы өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Көксу аудандық сайлау комиссиясы