"Балалар жылы" аясында Жарлыөзек ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы А. Максимова және Мұсабек атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар мектепттің кітапханашысы Ш. Иланованың ұйымдастыруымен "Табиғатаясында бізбен бірге оқыңыздар" акциясыөткізілді. Еріктілер табиғатқа серуенге шығып, ашық аспан астында кітап оқып, қызықты ойындар ойнады. Мақсаты: «Оқуға құштар жастармыз!» жобасын іске асыру мен жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.