«Е-gov» жаршысы атты акциясы өтті

«Е-gov» жаршысы атты акциясы өтті

Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі күні электрондық жүйеге көшу аса маңызды болып отыр. Бұл ретте мемлекет пен қарапайым халық арасында байланыс орнатуды жеңілдету үшін электронды үкімет жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, оларды электронды форматқа көшіру жұмыстарын дамыту шаралары жалғасуда. Осы ретте ағымдағы жылдың 4 тамыз күні Лабасы ауылдық округінде, Көксу ауданы аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторнигі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бекіткен жоспарына сәйкес Лабасы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы А.Новасбаеваның  ұйымдастыруымен «Е-gov» жаршысы  атты акциясы өтті. Электрондық үкімет порталы және мобильдік қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша халықтың сандық сауаттылығын арттыру. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті дамытып, халықтың онлайын қызмет алуын жеңілдету мақсатында Лабасы ауылдық округінің Әкімшілік ғимаратында

«E-gov»порталының қызметтерін көрсету бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Лабасы ауылдық округі әкімінің аппараты