Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға мониторингі жүргізілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға мониторингі жүргізілді

Ағымдағы жылдың 28 маусым күні «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мамандары, Балпық ауылдық округіне қарасты дүкендеріне, жеміс-жидек сататын орындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары бойынша мониторинг жүргізді. Тексеріс барысында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасына назар аударылды. Округтегі азық-түлік дүкендеріне шот-фактуралармен жұмыс жүргізулері керек екендіктері туралы ескертіліп айтылды. Осы жағдайларға байланысты мониторингтік жұмыстар апта сайын жалғасын табады.