
Алматы облысының әкімінің «2022 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» 2022 жылғы 7 маусымдағы №53 – о н/қ өкімін негізге ала отырып, жазғы демалыс лагерінің жоспары құрылып, жұмыстар атқарылуда.
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Көксу ауданы бойынша бөлімшесінің берілген 2022 жылы 07 маусымындағы қорытындысы негізінде "Қарлығаш" балалардың демалыс және сауықтыру орталығыөз жұмысын бастады.Аталған демалыс орны 09 маусымда ашылып, қазіргі таңда 4 –кезеңін жұмысын атқарды.Бүгінгі күні І кезеңде (09-18.06) – 100 балаата-аналар есебінен демалды. ІІ кезеңде(20-30.06) - 100 бала ата-аналар есебінен демалды.ІІІ кезеңде(01-10.07)100 бала ата-аналар есебінен демалды. ІV кезеңде (14-23.07)100 бала Жалпыға бірдей білім қорынан демалды. Орталық жұмысы 5 кезеңге созылады. Биылғы жылы «Қарлығаш» орталығы аудан орталығына жақын Ақшатоған ауылындағы № 5 орта мектебінің базасына ауыстырылды. Орталықта бір ауысымда демалу құны 10 күнге 22 000 теңге.
Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасыларынын 200бала 4-5 кезенде жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан 4 400 000 млн. тенге бөлініп тегін демалыспен қамтылады.
Орталықта балалардың демалысына барлық жағдай жасалған, балалар 5 мезгіл тамақтанады, спорттық-мәдени, шығармашылық шаралар өткізуге мүмкіндік мол. Жалпы орталықта, 16 қызметкер жұмыс істейді. Орталықтың өткізген жұмыстары мен тынысы әлеуметтік желілерде, оның ішінде karlyqashlageri жеке парақшасында жарияланып отыр. Ата-аналар, балалар осы парақша арқылы орталықтың күнделікті жұмыс барысымен таныса алады.
Сонымен қатар, оқушылардың жазғы демалысын тиімді және пайдалы қылып ұйымдастыру мақсатында мәдени орталықтарға төмендегідей бағытта балалар қамтылды.
М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына;
Барлық мектеп жанында ұйымдастырылған лагерьде өрт қауіпсіздігін, балалардың сауықтыру демалысы, бос уақыты және жұмыспен қамтылуы кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасаулуда.