Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар-кеңес өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар-кеңес өткізілді

2022 жылы 17 маусымда «Көксу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинарда бөлімде көрсетілетін қызмет көрсету түрлері айтылып, талқыланды. Жалпы  бөлімде 15 мемлекеттік қызмет көрсету түрлері қарастырылған. 2022 жыл басталғалы 400 ден аса мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар, семинарда  биылғы жылы  қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 98 бұйрығы таныстырылды. Бұл бұйрықта «Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» түсіндірілді. Семинарға қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, қанағаттанарлықтай жауаптарын алды.