"Рухани жаңғыру" "Болашаққа бағдар" бағдарламасы аясында

"Рухани жаңғыру" "Болашаққа бағдар" бағдарламасы аясында

Адам ағзасына сырттан келетін кері әсер мен ауруға күшті иммунитеті арқылы ғана төтеп бере алады. Ол үшін міндетті түрде жиі дәрумендер мен құнарлы тағамдар тұтынған да абзал. Осы орайда маусым айының 16-сы күні Жарлыөзек ауылдық округінде Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саумал қымыздың біз білмейтін қасиеттері» атты іс шарасы болып өтті. Шараның мақсаты: Жастарға қымыздың құдыретін, қазақ халқының сүйікті сусынының тарихын ашып түсіндіру. Шара барысында Жарлыөзек ауылының келіні Байжуманов көшесінің тұрғыны Сатай Тамаша жастарға қымыз сауу ережелерімен қасиеттін және оның ішінде ғылымда қымыздың түрлі ауруларға ем екендігі дәленденгендігі жөнінде де айтып өтті. Жастар шарадан жақсы көңіл күймен қайтты.