2022 жылдың 9 - мамыр күні Ардагерлер аллеясында Алғабас орта мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті, Ұлы Отан соғысына округімізден 270 адам кетiп,200 - i сол соғыстан қайтпай қаза болған, жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Ардагерлерді аралау барысында Округ әкімі Молдағали Дәурен Сәбитұлы және Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты, мәдениет үйінің қызметкерлері округіміздің тыл ардагерлерін Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтап зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі "тыл ардагерлерінің" соғыс жылдарындағы ерен еңбегін атап өтті. Мәдениет үйінің қызметкерлері ән тарту етіп өз алғыстарын білдірді.