9 мамыр «Ұлы жеңіс күнінде» отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен, зардабы ауыр болған осы соғыста арманда кеткен ағалар, 20-дан жаңа асқан жастар, жер астында қартайған боздақтар, табыса алмай қалған бауырларымызбен аталарымызды еске алып 1941-1945 жылдарына арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті. Шараға округіміздің ақсақалдар алқасының төрағасы А. Нүрпейсов,ақсақалдар алқасының мүшесі С. Жапабаев округ әкімі С. Ихсанов және мекеме қызметкерлері қатысты.