1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерді

1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерді

1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерді, тиісінше, құжаттарды дайындау құны да өсті.
2022 жылдың басынан бастап АЕК мөлшері 3063 теңгеге дейін ұлғайды. Осылайша, құжаттарын рәсімдеуші қазақстандықтар 0,2 АЕК-тен 8 АЕК аралығында баж алымын төлейді.
Құжаттардың құны:
- паспорт алу - 24 504 теңге (8 АЕК);
- жеке куәлік - 613 теңге (0,2 АЕК);
- жүргізуші куәлігі - 3828 теңге (1,25 АЕК);
- туу туралы куәлік - тегін, бірақ құжат өзгерген, толықтырылған және қалпына келтірілген жағдайда - 1532 теңге (0,5 АЕК);
- некені тіркеу - 3063 теңге (1 АЕК), куәлікті қайта беру — 1532 теңге (0,5 АЕК);
- ажырасуға өтініш беру - 6126 теңге (2 АЕК).