Алматы облысының ХҚО-лары жұмыс істей бастады

Алматы облысының ХҚО-лары жұмыс істей бастады

  Алматы облысының ХҚО-лары 12 қаңтардан қызмет көрсете бастады. Клиенттерге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін үзіліссіз.
Әзірге облыс бойынша барлық мамандандырылған ХҚО-лар жұмысы тоқтап тұр. Сонымен қатар автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.