Күзде егілген ағаштар көктемде егілген көшеттерге қарағанда тез бой түзейді. Өйткені, жерге отырғызылған әрбір талдың күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады.«Бір тал кессен, он тал ек» дейді қазақ халқы. «Ағаш – табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі», - деп ауылымыздың әкімі Б.Өмірәлинов құттықтау сөз айтып, бірінші ағашты өзі отырғызды.Ағаш егу мәдениетін қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттер Халықаралық ағаш егу күнін атап өтеді. Бірақ әр елдің ағаш отырғызу күні әртүрлі уақытта.Ағаш егудің бір керемет тұсы адамды гуманизмге тәрбиелейді. Еккен ағашының жемісін өзі көрмеседе, ұрпағы көреді. Сондықтан шамамыз жеткенше ағаш егейік, қоршаған ортаны көгаландырайық.