Тазалық – табалдырықтан басталады

Тазалық – табалдырықтан басталады

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Ауламыз бен көшелердің бойы «мұнтаздай» тап-таза болып тұрғанына не жетсін. Кез-келген тұстакүл-қоқыс ұшып, ыбырсып, шашылып жатса, небір сәнді ғимараттардың сиқын қашыратыны тағы бар.

Округіміздегі көшелерде тазалық жұмыстарын қоғамдық жұмысшылар қарқынды жүргізді. Соның ішінде, қаланың кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.