Көксу ауданында «Қарттарымызды ардақтайық» атты Халықаралық қарттар күні қазан айының 1-10 аралығында аталып өтті.
Аудандағы мекемелерде, ауыл округтерінде аз қамтамасыз етілген отбасыларына, мүгедек адамдарға және талай жыл еңбек еткен ардагер-қарттарға барынша қамқорлық жасалынуда.
Қарттар күніне аудандық ауруханада 5 қазанда «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, профилактикалық тексерістен 42 науқас қарт өтті. Тегін медициналық бастапқы және консультатифтік-диогностикалық ауданның барлық 28 мекемесінде қабылдауға келген 721 қарттарға уақытылы және толыққанды көмек көрсетілді. Диспансерлік есепте тұрған 24 науқас қартқа тиісті дәрі-дәрмек таратылды. Науқас қарттарды кезексіз қабылдау ұйымдастырылып, ем алды. Қарттарға тиісті дәрі-дәрмек 7251 адамға 42996,2 мың теңге алынып, тегін таратылды. Медицина саласында көп жыл бойы еңбек еткен 5 қарт әріптестеріне барып мерекелерімен құттықтап сыйлық табысталды.
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ардагерлер- алтын қазық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер жалғыз басты қарттардың үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, 5 қарияға 75,0 мың теңгеге азық-түлік себеттерін тарту етті. Өз кезегінде қарттарымыз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
"Nur Otan" партиясы Көксу аудандық филиалының бірінші орынбасары Бейсенов Малик Аманбайұлы және жастар ресурстық орталығыныңжетекшісі Дүйсенбаев Қуаныш СерікқазыұлыҰлы Отан соғысының ардагерлері Голышенко Петр Денисович, Огнев Николай Иванович атамыздың үйіне барып, ардагерлеріміздің қал-жағдайын біліп, азық-түлік себеттерін тарту еттіп, қарттар күні мейрамымен құттықтап қайтты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде табысы аз отбсыларына (қарттарға) тұрғын үй көмегі 46 қарияға 1074,1 мың теңге тағайындалып төленді.
"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында бөлімде көп жыл бойы еңбек еткен 11 қарт әріптестерге барып мерекелерімен құттықтап сыйлық табысталды.Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.
Аудан бойынша әр ауылдық округтердегі мүмкіндігі шектеулі 30 балаларды және 80 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелеріндегі әлеуметтік қызметкерлер есепте тұрған мүгедек балалар және жалғыз басты қарттар мен мүгедектердің үйлеріне барып мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.
«Үміт» күндізгі болу орталығы үміт сыйлайды және «Қарттарды құрметтейік» атты тәрбие сағатты мен іс-шара өткізілді. Орталықтың қызмет алушылары зейнетке шыққан апаларын онлайн ватсап әлеуметтік желісі арқылы құттықтады.Орталық қызмет алушысы Қожабек Әдияның әжесі орталықтың бүлдіршіндеріне «Түлкі мен ешкі» ертегісін айтып берді.Бұл шаралардың мақсаты халқымыздың қазыналы қарттарын құрметтеп, олардың ақыл кеңесін тыңдап, батасын алды.
Аудандық кітапхана қарттар күніне онлайн тәртібінде «Ақылды қария – тұнған дария» атты видео слайд әлеуметтік желі оқырмандарының назарына ұсынылды. Аталған слайдта тәрбиелік мәні бар өнегелі сөздер көрсетілді.
Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жастар бойына сіңіру мақсатында, Мұқаншы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында, Алғабас ауылдық кітапханасы - Қарттар күніне арналған "Қарттарым асыл қазынам" атты сыр-сұхбат өткізілді.
Көксу ауданы білім беру мекемелері 1- қазан қарттар күнімен білім саласының ардагер ұстаздарын құттықтады. Осы шараларға білім бөлімі және аудандық кәсіподақтың атынан ардагер ұстаздарға Тукенова Сағымбала, Абдыхазырова Әсет, Балабекова Аңсабала, Қ. Әлімбаева, Д. Ақшанова және тағы басқа ұлағатты ұстаздардың үйіне барып, сыйлықтар табысталды. Мектептерде түрлі шаралар ұйымдастырып, әлеуметтік желілерде жариялады.
Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебінде қарттар күніне орай 2-10 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары аталып өтті. Мерекелік іс-шараға Мұсабек ауылдық округінің әкімі Тантыбай Ербол Жоламанұлы, ардагер ұстаздар Әбілханова Любовь, Болтаева Күлтай, Бабакулова Нұрғиса, Сахымбетова Салтанат шақырылды. Мектебіміздің мұғалімдері қарт ұстаздарымызға арнап, ән шашу жолдады. Мектеп директоры құттықтаумен ардагер ұстаздарға сыйлықтар табыстады.
Мұқыры ауылдық округінде «Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты іс-шара,ауылдағы мектепте сынып сағаттары өткізіліп, көп жылдар еңбек еткен қарияларға сый құрмет көрсетілді.
Қаблиса ауылдық округі 1 қарияның үйінің сыртын жөндеуге 70,0 мың теңге жұмсады Ақтекше ауылдық мәдениет үйінде «Ардагерлер - алтын қазық» атты мерекелік іс-шара өтті. Ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік бағдарлама көрсетті.
Мұқаншы ауылдық округінде «Қарттарым аман-сау жүрші» атты мерекелік іс-шара Жетіжал ауылдық мәдениет үйімен ұйымдастырумен онлайн концерт өтті. Ауылдық әкім қарттарымызды құттықтап, ізгі тілегін білдірді.Ауылдағы 5 қарияның үйіне 75,0 мың теңгеге отын түсіріп көмек көрсетті. Ауылдық аурухана қызметкерлері округта тұратын жалғыз басты қарттардың үйлерін аралап, медициналық көмек көрсетті.
Мұсабек ауылыңдағы «Нұрлан» асханасында «Үлкенге қызмет-кішіге ізет» атты қарттар күніне арналған арнайы іс-шара өткізілді. Іс-шараға 280,0 мың теңгеге 60 ауыл қарттары және мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылып, мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік дастарханға қарттар өздерінің ризашылығың білдіріп тілектерін айтты. Мектептерде тәрбие сағаттар жүргізіліп қарт адамдарға кұттықтау қағаздары жасалып, мектеп оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырды. Мұсабек ауылдық округі 5 қарияның үйіне отын, 5 қарияның үйіне көмір 400,0 мың теңгеге және 1 қарияға 100,0 мың теңгеге шөп түсірілді.
Жарлыөзек ауылдық округінде «Қарты үйдің құты бар» атты іс-шара 1 қазан күні округ жастары нұсқаушысы А.Максимованың ұйымдастырумен ауылымыздың қарт апамыздың үйінің маңайын тазалап, реттеп құрмет көрсетті. Осыған орай 2 қазан күні округіміздің әр жылғы мектеп түлектері мен «Ошақ» даму орталығының басшысымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шара өтіп, 33 қарт ұстаздарымызды төсбелгімен марапаттап, 60 адамға меркелік дастархан жайылды. 5 қазан күні «Балдырған» балабақшасының ұжымы зейнетке шыққан қызметкерлерінің үйіне барып, құттықтап сый-сыйапатын табыстап шықты. Ал 7 қазан күні аулымыздың қарт азаматтарына «Ошақ» даму орталығында 45 адамға дастархан жайылып, қарттарымызға құрмет көрсетілді.
Еңбекші ауылдық округінде қарттар күніне арналған «Қарты бар ел, қазыналы төр» атты іс-шараға ауылдық округ шаруа қожалықтардың көмегімен 550,0 мың теңге жиналып, 7 қарияға азық-түлік және көмірмен қамтамасыз етті. Мектептерде «Аталы сөз ақылдың көзі» сынып сағаттары мен қойылымдар қойылып, қарттарға сый құрметтер көрсетілді.
Алғабас ауылында «Көпті көрген дана болар» атты қарттар күніне мерекелік кездесу өткізілді. Ауыл әкімі мерекелерімен құттықтап, 25 қарияға 150,0 мың теңгеге азық-түлік себеттерін тарту етті. Ауылдық округ1 қарияның үйіне отын, 2 қарияның үйіне көмір 85,0 мың теңгеге түсірді. «Балауса» бөбек-жай балабақшасының бүлдіршіндері онлайн түрде ауыл қарттарын құттықтады. Өз кезегінде қарттарымыз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
Айнабұлақ ауылдық округінде «Қарттарым-асыл қазынам» атты қарттар күніне арналған іс-шара өтті. Осыған орай ауылдың ерікті жастарымен және жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының ұйымдастырумен 5 қазан күні ауыл тұрғыны Дүйсенбинова Алтынгүл қарт апамыздың үйіне барып, халын біліп, қыс мезгіліне ағаш отындарын дайындап, көмектесу жұмыстарын жүргілді, апамыздың ақ батасын алды. Мектептерде қарттар күніне орай сынып сағаттары жүргізілді.
Лабасы ауылдық округінде «Қарттарым аман-саумысын!» атты қарттар күніне арналған іс-шара өткізілді. Ауылдық округі 1 мүмкіндігі шектеулі адамға үйін жөндеу жұмыстарын жүргізуге 500,0 мың теңге қаражат жұмсады.
Балпық би ауылдық округінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа тұс келген 1 – қазан Халықаралық қарттар күнінде«Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты іс-шара өтті. Балпық би ауылдық округ әкімі Қ.Кузбаевтың қолдауымен және ауданның жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының ұйымдастыруымен ауылымыздың 5 жалғыз басты қарттарға 40,0 мың теңгеге азық-түлік себеттерін тарту етті.Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу–біздің ата дәстүріміз. Құттықтау сонында қарттарымыз ризашылығын білдіріп батасын берді.
Аудан әкімі А.Әділдің атынан аудандық әкімшілікте көп жыл бойы еңбек еткен А.Қалдыбек, С.Базилов, Б.Кисметов, А.Мусанов, А.Абдыхазырова, Г.Бабаева, Н.Сюй-мин, К.Ибраимов және тағы басқа қарт әріптестерге барып, мерекелерімен құттықтап сыйлық табысталды. Ауданның көркеюіне үлес қосқан ардагерлер аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Осындай шаралар барлық ауылдық округтерінде және басқада мемлекеттік мекемелерде жалғасын табуда.
Аудан бойынша іс-шараға барлық саны 500-ге жуық қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты.