Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы

Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы

 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Алматы облысыКөксу ауданы ауылдық округтері әкімдерінің 2021 жылғы "25" шілдеде өткен сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасын егізінде Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:

  1. 1966 жылы туған, Көксу ауданы Айнабұлақ станциясында тұратын Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Базилов Мәулен Сайлаубайұлы Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркеді.
  2. 1971 жылы туған, Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында тұратын Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі Ихсанов Самат Таңатарұлы Алматы облысы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі болып тіркеді.
  3. 1970 жылы туған, Көксу ауданы Ақтекше ауылында тұратын Қаблиса ауылдық округінің әкімі Бейсенов Еркін Аманбайұлы Алматы облысы Көксу ауданы Қаблиса ауылдық округінің әкімі болып тіркеді.
  4. 1963 жылы туған, Көксу ауданы Көксу бекетінде тұратын Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы Алматы облысы Көксу ауданымМұқаншы ауылдық округінің әкімі болып тіркеді.

   Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы