"Ақ бидай - 2021" облыстық жарысы

"Ақ бидай - 2021" облыстық жарысы

 4 жылда бір ұйымдастырылатын, «Ақ бидай-2021» ауыл спорты ойындарына Көксу ауданы құрама командасы  22-25 шілде күндері аралығында 7 спорт түрінен қатысты. Аудан спортшылары жақсы өнер көрсетіп жеке сындарда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен қазақ күресінде Аудан спортшылары Дауытов Бауыржан 66 кг салмақта I-орын, 100 кг салмақта Төкен Айбар III-оырн, Нияз Ерсайын III-орын иеленіп қайтты. Қаратал ауданы Үштөбе қаласында гір көтеру жарысында жекелей сында 85 кг салмақта Ноғайбай Жасұлан жүлделі II-орынға иеленсе, Талдықорған қаласында өткен Президенттік көпсайыс ойындарында аудан спортшысы Тастанданиова Гүлнұр жекелей сында III-оырнға ие болды. Тағы сол сияқты Талдықорған қаласында өткен үстел теннисінен аудан спортшылары Цой Аркадий, Касымов Бахтияр, Есханин Санат атты спортшыларымыз жалпы командалық есепте IV - орын иеленді. Футбол ойындарынан Көксу ауданының құрама командасы үздік танылып жүлделі I-оырнға жайғасып чемпион атанды. Бұл аталған жарыста үздік танылған спортшылар алдағы уақытта өтетін Ақтау қаласында өтетін Республикалық Ақбидай-2021 ауыл спорт ойындарына қатысуға жолдама алды.