Алматы облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтті

Алматы облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтті

 Алматы облысының бас санитар дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Алматы облысының барлық ХҚО-лары 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді.

 Алматы облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды.

 Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді.

 ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады.

 Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.