Ардагерлерге материалдық көмек көрсетілд

Ардагерлерге материалдық көмек көрсетілд

 Биыл Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай екі соғыс ардагеріне 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық төлем төленді.
 Жыл сайынғы біржолғы материалдық көмек дәстүрге айналды. Биыл да Жеңістің 76 жылдығына жергілікті бюджеттерден бұл мақсатқа 8 млн 220 мың теңге қарастырылған", – деді аудан әкімі Алмас ӘДІЛ.
 Қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының 7 жесіріне 60,0 мың теңгеден 420 мың теңгеге көмек көрсетілді.
 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 159 адамға 30 мың теңгеден 477 мың теңгеге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көретілді.
 КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару көзінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге 2 адамға 100 мың теңгеден 200 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.