Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ескерту!

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ескерту!

 «Көксу ауданы ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-сі  ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне  төмендегідей хабарлаймыз:

  Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау  туралы» Заңының  14-1 бап, 1 тармағына сәйкес  тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер, олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицидтерді залалсыздандыру тәртібіне сәйкес  залалсыздандыруға жатады.Ауыл шаруашылық мақсатындағы және өзге де жерлерде, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындарында, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдарда, өндiрiстiк және өзге де үй-жайларда  тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға болмайтындығын және залалсыздандыру жұмыстары міндетті түрде жасалу керектігін ескертеді.

 Осы заңның 9-бабының 1-тармақшасына сәйкес, пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы жергілікті атқарушы органдардың құзыреті болып табылады.Аудан көлеміндегі  барлық шаруашылық құрлымдары қолданыстан қалған бос ыдыстарды залалсыздандырулары міндетті.Барлық шаруа құрлымдары «Ақши Агросервис» ЖШС-мен келісімшартқа отыру қажет.(Мекен жайы: Алматы облысы Іле ауданы Крутинск ауылдық округі Ақши ауылы,байланыс нөмері :872757-21404, ұялы телефон 8705 1382989 Идрисова Мақпал)

 Аталған талаптар  орындалмаған жағдайда  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 403 бабына сәйкес жауапқа тартылады.