«Ғарышкерлер» күніне орай

«Ғарышкерлер» күніне орай

 2021 жылдың 12 сәуір күні «Балбұлақ» ересек аралас тобында топ тәрбиешісі К.Омарова Ғарышкерлер күніне орай «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» білім беру салаларын кіріктіре отыра «Ғарыш» тақырыбына, тақырыптық оқу қызметін өткізді. Мақсаты: Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, ғарышкерлер дайындау орталығы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш рет айға ұшқан Тоқтар Әубәкіровтың ерлігі мен еңбегін ұштастыра отырып Отанымызды қорғай білуге сүйіспеншілігін арттыру. Топпен жұмыс жасауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

 Тәрбиеші К.Омарова балаларға Т.Әубәкіров туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар Талғат Мұсабаев пен Айдын айымбетов туралы да түсінік беріп өтті. Тосын сәт; Аудио ретінде ғарыш әлемінен балаларға хабарласып, 12 сәуір ғарышкерлер мерекесіне орай тапсырма орындауларын сұрады. Тәрбиеші балаларды 3 топқа бөліп, зымыран жасауға тапсырмалар берді.

 1-топ балалары зымыранды жабыстыру арқылы жасады. 2- топ балалары зымыранды құрастырса, 3 -топ балалары суреттегі зымыранды көп нүктені сызықпен қосып бояды.

 2-тапсырмада балалар «Не қайда болады?» дидактикалық ойын ойнаса, 3 тапсырмада Мнемо кесте арқылы ғарыш туралы тақпақ жаттады.