«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жастар көзімен» атты тақырыпта ауыл жастары мен іс- шара өтті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жастар көзімен» атты тақырыпта ауыл жастары мен іс- шара өтті

 Бүгінгі жаңа заман тәуелсіз елдің мұраты жастардың білімі мен біліктілікке талпынып әрекеттенуін, еңбектеніп өсуін талап етіп отыр. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі сен екеніңді ұмытпа», - дейді Елбасы бір сөзінде. Осынау қанатты сөздің астарында мемлекет басшысының жастарға артқан үміті мен сенімі мол екенін аңғаруға болады. Әр жыл сайын Елбасының халыққа арналған жолдауында үнемі жастарды қолдап, оларға тек білім мен кәсіби маман болуға ұмтылу қажеттігін айтып отырады. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек те, қолдау да бар. Тек сауатты адам болу керек. 29 наурыз күні Жарлыөзек ауылдық округінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жастар көзімен» атты тақырыпта ауыл жастары мен іс- шара өтті. Шара барысында округіміздің жастар нұсқаушысы А. Максимова мақала оқып жастарға өтіп жатқан іс-шаралар мен таныстырып өтті.