Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектепте 22 Наурыз мерекесіне орай оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту, оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында "Ұлыстың ұлы күні -Наурыз" атты кітап көрмесі, «Ұлыстың қадам басқан ұлы күні" атты сурет байқауы, "Бауырсақ-пати" сайыстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар "Батаменен ел көгерер" бата беру байқауында Әмірбай Абсаттар бірінші орынды иеленді. Шара соңында мектеп директоры Г.Асылбекова өз құттықтауын жеткізіп Наурызда айтылған барлық тілегіміз қабыл болып, Отанымызға - береке, халқымызға-игілік, мемлекетімізге молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз деп өз тілегін білдірді.