«Алғыс – сөздің асылы» айдарымен мектепішілік сурет байқауы ұйымдастырылды

«Алғыс – сөздің асылы» айдарымен мектепішілік  сурет байқауы  ұйымдастырылды

  1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай Лабасы ауылдық округіне қарасты Жамбыл атындағы орта мектепте  «Алғыс – сөздің асылы» айдарымен мектепішілік  сурет байқауы  ұйымдастырылды.

  Сурет байқауының мақсаты: оқушыларды  толеранттылыққа, қоршаған ортаға деген құрметі мен жақындарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тәрбиеленушілердің азаматтық, отан сүйгіштік, Отанына деген махаббат сезімдерін қалыптастыру.

 Байқау қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Дәулетхан Өріс марапатталды.