ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

  ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?
📌 Ол үшін:
* Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;
  * SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон;
  * Компьютеріңізде веб-камера болуы керек;
  * Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
  🔖 Порталдың басты бетінде еgov.kz "ЭЦҚ қашықтықтан алу"батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде "Рұқсат ету" түймесін басыңыз.
  ✅ Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізіңіз;
  ⚠️ Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады.
 ✅ МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді;
  ✅ "ЭЦҚ алуға өту" батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),"Бастау" батырмасын басу қажет»;
 ✅ Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге "орналастырып", фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін "Жалғастыру" түймесін басыңыз;
 ✅ Әрі қарай сізге бейнесәйкестендіру терезесі ашылады, онда "Бастау" түймесін басу керек. Бейнесәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, "PIN-кодты орнату" батырмасын басу қажет»;
 ✅ Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз;
  ✅ Электрондық мекенжайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз;
  ✅ Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және " Ашу " батырмасын басыңыз».
  ✅ ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және "сертификаттарды Жүктеу"батырмасын басыңыз.