"Жақсы істер тізбегі" акциясы

"Жақсы істер тізбегі" акциясы

  2020 жылдың 27 қарашасында Көксу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Балпық би ауылындағы жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп @balpik_akimat және Көксу ауданының полиция бөлімі @police_koksu "Абайлаңыз - улы газ" акциясы аясында "Жақсы істер тізбегі" акциясының жұмыстары жүргізді, онда халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетілді, атап айтқанда, 10-аз қамтылған отбасыға түтін құбырын тазалау, электр сымдарын оқшаулау, улы газ датчиктерінің ақаулығын тексеру және шаруашылық бойынша көмек көрсетілді. Сондай-ақ, пешті пайдалану, электр қуаты бойынша әңгімелер мен нұсқаулықтар жүргізілді және "жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері" және ұсыныстар түбіртектері тақырыптарына жадынамалар таратылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда!!!