Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту
  Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың  #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт: 
📌Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
📌Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз
📍Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:
📎Еркін түрде жазылған өмірбаян
📎Отбасы мүшелерінің әрқайсысының  3х4 көлеміндегі екі суреті 
📎Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі
  📍 Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
📎Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
📎 Өтініш беріледі
 
📚Мәртебе мерзімі: 
🕐 Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады. 
🕕 Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.  
 
⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
✔️Мәртебені алу – 15 жұмыс күні
✔️Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні
 
  ☝️Ескерту!
  Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.