
Соңғы уақыттарда әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, бағбандық шаруашылығын жүргізу үшін және бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін мақсаттарда жер учаскелерін алудың әр түрлі (видео жазбалары) ойдағы түсіндірме пікірлері таралуда.
Осы орайда Көксу ауданы әкімдігі тұрғындардың назарына келесіні жеткізеді.
Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» заңының 50 бабның, 2-тармағына сәйкес жоғарыда аталған мақсаттар бойынша жер учаскелердің беру нормаларының шекті тегін мөлшерлері айқындалған.
Дәлірек айтқанда:
1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.
4) бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.
Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» заңының талаптарына сәйкес жер учаскелерін аталған мақсаттар үшiн азаматтарға бір реттік тегін мөлшерде жер учаскесі беріледі және қайталап тегiн беруге жол берiлмейтіндігі түсіндіріледі.
Сонымен қатар түсіндіреміз, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 10-қосымшасының «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жер учаскелеріне құқық алу тәртібі регламенттеліп айқындалған.