
Бүгін Көксу ауданында қуанышты әрі маңызды сәт орын алды. Тұрғын үй кезегінде тұрған 7 отбасыға жаңа тұрғын үйлердің кілттері салтанатты түрде табысталды.
Шара барысында аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы құттықтау сөз сөйлеп, қоныс иелеріне ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Мәлік Аманбайұлы және «Отбасы банк» АҚ-ның Көксу ауданы бойынша өкілі Назира Молдашқызы қатысып, тұрғындарды жаңа баспаналарымен құттықтады.
Атап айтқанда:
🔹 Балпық ауылдық округі, Балпық би ауылы бойынша – 4 үй
🔹 Еңбекші ауылдық округі, Зылиха Тамшыбай ауылы бойынша – 1 үй
🔹 Лабасы ауылдық округі, Жамбыл ауылы бойынша – 2 үй берілді
Аталған баспаналар тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санатындағы азаматтарға табысталды.
Өз сөзінде аудан басшысы Дәулет Кенжеханұлы соңғы жылдары аудан көлемінде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, 2022–2024 жылдар аралығында ауданымызда 188 отбасы баспаналы болып, жаңа қонысқа ие болғанын айтты.
Сондай-ақ, биыл әлеуметтік осал санатындағы отбасылар үшін 90 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталғанын жеткізді. Жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға бұл үйлер кезең-кезеңімен табысталатынын атап өтті.
Шара барысында аудан әкімінің қолынан үй кілтін алған аналардың бірі қуанышымен бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді. Бұл – отбасы үшін үлкен бақыт әрі болашаққа деген сенім.
Ауданымызда халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.
Жаңа қоныс иелеріне құтты болсын айтып, әр шаңыраққа береке, бірлік және баянды ғұмыр тілейміз! ✨